Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бір топ мамандары Жіті (жедел) коронарлы синдромының алу бойынша Аудандық базарда түсіндірме акциясын жүргізді.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
24-30 сәуірдегі Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған “Біз вакциналауды қолдаймыз!” тақырыбында Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова жас аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Н.Ж.Шапихова мен медбикесі А.А.Жакупованың ұйымдстыруымен Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, вакцина және сіздің балаңыз жөнінде мағлұмат берілді.
№ 7 қалалық емхана директорының орынбасары Алмагүл Аманбаевна Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Құрманғазы аудандық орталық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары С.З.Мұқаналиева және жалпы тәжірбие дәрігері Г.Н.Каусова “Екпе мені және менің отбасымды қорғайды!” ұранымен ата-аналарға екпенің маңыздылығы түсіндірілсе, балаларға сурет байқауы ұйымдастырылды.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Дәшін аулының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде “Дұрыс тамақтану”-тақырыбында мағлұмат берілді.


