Жіті ішек жұқпаларының алдын алу бойынша Құрманғазы аудандық орталық аурухананың директоры Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.К.Утаров семинарды ашты.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Г.А.Умарова мен дәрігер эпидемиологы М.А.Ермашева Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында “ЖИТС-тің алдын алуы” жөнінде семинар өткізді.
Құрманғазы аудандық ауруханасында инфекционист дәрігер С.К.Олжабаева “менингит инфекциясы”,-тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар менингит инфекциясының алдын алу белгілерімен медицина қызметкерлерін таныстырып, дайындық сабақтарын жүргізді.
1 маусым – Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» акциясымен Құрманғазы аудандық орталық аурухана қызметкерлері көп балалы ата-аналар мен сал ауруына шалдыққан балаларды мерекелерімен құттықтады!
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында «Жарқын болашақ жастардың қолында»,- ұранымен Жастар денсаулық орталығы ашылды. Ашылу салтанатын Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева жастарға «Жарқын болашақ» кабинетінің мақсаты жасөспірімдерге медициналық-психологиялық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, жасөспірімдерге әлеуметтік –медициналық көмек беру,- екендігін ашып айтты.


