Автордың жарияланымдары: admin

admin

17.11.2017 07:09

Аудандық емханада “Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес” күніне орай “Ашық есік” ұйымдастырылды.
Мақсаты: АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау.
Ашылуы салтанатын директордың орынбасары Светлана Уахасовна бастап, инфекционист Жұлдыз Борабаевна жалғастырды. Сонымен қатар шараға нарколог, гинеколог, фтифзиатр.т.б мамандар қатысты.
АИТВ-инфекциясының медбикесі Замира Ғалымжанқызы эксперт тест жүзгізумен шарамыз жалғасын тапты.

09.11.2017 07:24

Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларына Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері:Кажгалиева.Н.М “Дүниежүзілік ЖИТСпен күреске” орай АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, АИТВ инфекциясының профилактика мәселелері, сонымен қатар “ЖРВИ, тұмау және пневмококктық инфекцияның алдын алу” мәселелері жөнінде семинар жүргізді.

07.11.2017 13:22

Бүгін Аудандық орталық аурухананың директоры: Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы: К.К.Утаровтың айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық АО “Қазпочтада” акция ұйымдастырылды.

07.11.2017 13:13

Бегалиев атындағы қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушыларына Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері:Еділбаева.Ж.Б “ЖРВИ, тұмау және пневмококктық инфекцияның алдын алу” мәселелері жөнінде семинар өткізді.

07.11.2017 05:13

Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне орай ұйымдастырылған Ашық есік күні. Емханаға келген тұрғындар жалпы тәжірбие дәрігеріміз – Каусова.Г.Н кеңесін алса, алғашқы көмек көрсету кезінде жіті ми қан айналымының бұзылуы, шұғыл іс-қимыл алгоритмі жайында невропатолог медбикеміз – Хисина.М.И түсіндірсе, артериялық қан қысымын кардиолог медбикеміз – Қабиева Г.Ш өлшеп, үйлестірме қағаздарын таратты .Ал қандағы холестирин мен глюкоза деңгейін лобарант – Қалиева.А.Т анықтады.