Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай «Астанаға – 20 жыл» ұранымен және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың 2018-2020 жылдарға арналған «Саламатты өмір салты жылы» кешенді өңірлік іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда «Денсаулық алауы» эстафетасы өтті.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Құрманғанғазы аудандық орталық ауруханасы 1 – маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай “FAMILY DAY” акциясы бойынша балаларға ойын,сурет салу байқауын ұйымдастырып, барлық қатысқан балаларды сыйлықтармен құттықтады.
Аудандық орталық аурухананың директоры: Г.Н.Мутиева және Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы: К.К.Утаровтың айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық Еңбекші округінде акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, скринингтік тексеруден өткізу. Шараға: профилактика бөлімінің меңгерушісі, 2 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші мамандары, 3 медбике қатысты.
Құрманғазы аудандық орталық аурухана 2018 жылдың 20 мамырында “Болашақ үшін есте сақтау” ұранымен аталып өтетін “ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне” орай аудандық емхананың Денсаулық мектебінде “Ашық есік” күні өткізілді. Сонымен қатар Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі және Еңбекші атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларына кең көлемде акция, семинар өткізілді.
Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева 12 мамыр мейірбикелер күнімен құттықтап, марапаттады.


