Автордың жарияланымдары: admin

admin

15.12.2017 11:27

Аудандық емхана директоры- Г.Н.Мутиева қазіргі кезде аудан бойынша алдын алу екпелерінен бас тартушы 172 бала тіркеліп отыр, яғни екпеден бас тартып жатқан ата-аналарға болашақта балаларының жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтындығын түсіндіру мақсатында, аудандық емханамызда дөңгелек үстел ұйымдастырып жатқандығын айтып өтті.

15.12.2017 07:23

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай,бүгін Аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Н.Мутиеваның айтуымен,- “Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда”,- атты аудандық “Мерей” базарында акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, скринингтік тексерілуге шақыру.

21.11.2017 07:17

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Каусова.Г.Н «Дені сау балалар мектебінде» бала денсаулығына көңіл бөлуде…

20.11.2017 07:13

Семинар

 

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірбие дәрігері Жұлдыз Тілекқабылқызы Н.С.Манаев атындағы қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушылырына “Халықаралық темекіден бас тарту күні” онкүндігіне орай семинар жүргізді.
Мақсаты:Шылым шегудің адам ағзасына зиянды әсері, олардың алдын ала сақтану шаралары.Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас жеткіншектердің темекі шегуді бастамауы туралы сезімін қалыптастыру.

17.11.2017 16:34

“Халықаралық темекіден бас тарту күні” онкүндігіне орай “Ашық есік” ұйымдастырылды. Мақсаты: шылым шегудің зияны мен оның ағзаға тигізетін салдары. Ұйымдастыру шараларына Денсаулықты нығайту мамандары мен профилактика бөлімі белсенділік танытса, дәрігер-нарколог Т.Сисеналиев жиналған халыққа: «Шылым шегудің зияны мен оның ағзаға тигізетін салдары, темекі бұйымдарын тұтынудың және темекі шегушіліктің алдын-алу жөнінде» мағұлмат берді. Жиналған адамдарға ақпараттық оқыту материалдары таратылды.