КурмангазыАОА бас дәрігері Мутиева.Г.Н – Мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелік тұрғын үй жөнінде мәліметтерді АО”Жилстройсбербанк” зам.директоры Саржигитова.Г.У және АО “Жилстройсбербанк” консультант-агент Кабел.М.Т-тен білуге болатынын таныстырып өтті. АО”Жилстройсбербанк” зам.директоры Саржигитова.Г.У медицина.кызметкерлеріне депозит ашып, өз уйінізге ақша жинай бастаңыз!-деп түсіндірді. АО “Жилстройсбербанк” консультант-агент Кабел.М.Т депозитке қалай тіркелуге болатыны жайында айтып өтті.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Ашылу салтанатында аудан прокуроры Ерлан Хисметуллин: – Аудандық прокуратураның бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келгендерге әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету, қайталап қылмыс жасауының алдын алу бағытында аурухананың бірінші қабатынан “Пробация кабинетін” ашпақпыз. Ол әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10.00-12.00 және түстен кейін 15.00-17.00 аралағында жұмыс жасайды. Мұнда келіп прокуратура, пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық орталық аурухана психологы, жұмыспен қамту орталығы мекемелері тарапынан көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндіктеріңіз мол. Бұл шара өкілетті органдардың қызметін жандандырып ғана қоймай олардың бірлесе қимылдауын нығайта түсетініне сенімдімін, – деді.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және мемлекеттік көрсетілген қызметтер” бойынша ашық есік күні өткізілді.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының «Денсаулық мектебінде» жас аналарға: Отбасын жоспарлау-бұл қажетінше бала тууды жоспарлауға бағытталған, өмірге ұрпақ әкелу уақытын және бала туу арақашықтығын реттеп отыратын, ерлі-зайыптының саналы түрде жасайтын әрекеті,- екендігін дәрігер акушер гинеколог Шайхимова.Л.К түсіндіріп өтті. Сонымен қатар дәріске заңгер Мурасов.А.Б-те Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайында айтып өтті.
Құрманғазы аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесіне аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен аналар кеңесінің мүшелері арнайы барды. Олар нәрестелі болған жас аналарды құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.


