Дүниежүзілік инсультпен күресу күніне орай ұйымдастырылған Ашық есік күні. Емханаға келген тұрғындар жалпы тәжірбие дәрігеріміз – Каусова.Г.Н кеңесін алса, алғашқы көмек көрсету кезінде жіті ми қан айналымының бұзылуы, шұғыл іс-қимыл алгоритмі жайында невропатолог медбикеміз – Хисина.М.И түсіндірсе, артериялық қан қысымын кардиолог медбикеміз – Қабиева Г.Ш өлшеп, үйлестірме қағаздарын таратты .Ал қандағы холестирин мен глюкоза деңгейін лобарант – Қалиева.А.Т анықтады.
Жаңалықтар
2017 жылдың 26-27 күндері Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында ШЖҚ КМК “Атырау облыстық балалар ауруханасының” бір топ мамандары келіп қызу жұмыс жасады.
Атырау облыстық балалар ауруханасының кардиологы: Ергазиева.А.К., невропатолог: Камышева.Э.Ч.,ортопед: Есназаров.Б.Н., лор: Куспанов.Б.С дәрігерлеріне көп алғысымызды айтамыз!
“Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың эпидемилогиясы, диагностикасы, алдын алу шаралары және емдеу әдісі туралы” семинар кеңес бағдарламасы өтті. Семинардың ашылуы Құрманғазы аудандық орталық аурухана директоры Г.Н.Мутиева және Құрманғазы аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.К.Утаров сөзімен басталды. Кейінгі сөз кезегін Құрманғазы аудандық орталық аурухананың бас дәрігердің орынбасары С.У.Хамзина жалғастырды.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында “Отбасын жоспарлау” және “Жас ана” мектептерімен жұмыс жасалуда. Дәрігер акушер гинеколог: Шайхимова.Л.К Отбасын жоспарлау, жүктіліктен сақтанудың физиологиялық алдын алу тәсілдері жөнінде түсіндіріп өтті. Ал, дәрігер акушер гинеколог: Зулхашева.С.У әр аптаның дүйсенбі күні болатын “Жас ана” мектебінде жас аналардың гигиенасына көбірек тоқталды.
13 – қазан күні «Өмір бойы жарқыраған күлкі»,- атты акциясы бүгін Құрманғазы ауданында жалғасын тапты.


