Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Мутиева Гульсара Нұрмағанбетова – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып алғыс хатпен марапаттады.
Жаңалықтар
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сай 3 наурыз күні Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап емхана бөлімшесінің ренгенолог дәрігері – Қанатов.Б.Е бастаған команда қыз келіншектер арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінде “Жасөспірімдердегі күйзеліс себептері” тақырыбында психолог – А.А.Қадырбаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының Денсаулық мектебінде “Инсульттың алдын алу” жөнінде дәрігер невропатолог – А.Қ.Досқалиев түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
14.02.2018 жылы Психо-профилактикалық бөлмесінде психолог дәрігер С.А.Гумарова – Жүктілік кезіндегі мазасыздық туралы, жүктіліктің физиологиясы, жүктілермен профилактикалық дайындық жұмыстары жайында әйелдерге кеңес беріп, түсіндіріп өтті.


