ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Құрманғазы ауданының тұрғындарымен психологиялық жұмыс жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, эмоционалдық әл-ауқатты нығайту, күйзелістің алдын алу және психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығын арттыру.
Кездесу барысында тұрғындармен психологиялық әңгімелесу жүргізіліп, психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру, эмоцияларды басқару және психологиялық саулықты сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
💚 Психикалық денсаулық – жалпы денсаулықтың ажырамас бөлігі!
Өз денсаулығыңызға, соның ішінде психологиялық саулығыңызға да қамқорлық жасаңыз. Қажет болған жағдайда мамандардан көмек сұраудан тартынбаңыз!


